Атыраулық тұрғын арабтарға көмектесіп жұмыссыз қалды

380

2019 жылы Теңіз кен орнында арабтармен қазақтардың төбелесі кезінде жұмыстан шығарылған көпбалалы әке әлі жұмыссыз жүр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Құлсары қаласының 33 жастағы тұрғыны Руслан Шахаев еліміздің ең ірі мұнай кен орыны Теңізде 15 жыл қызмет еткен.

2019 жылдың маусым айында болған Қазақстан мен Иордания азаматтарының арасында болған жаппай төбелестен кейін, Шахаев "ТеңізШеврОйл" ЖШС арнайы қара тізіміне енгізілген.

Оның айтуынша,сол күні шетелдік азаматтарға көмектесіп, оларды қорғап,ұрып-соқпасын деп жүрген.Өйткені бұл үшін кейін жауап беру керек болатын еді. Бірақ мені төбелеске қатысты деп, жұмыстан шығарып жіберді.

Жұмыстан шығып қалғаннан кейін Руслан "Құлсарыгаз" ЖШС қызметке тұрып, Теңіз кен орнында жұмыс істеуге құжатын өткізеді. Алайда оған Теңіз аумағына кіруге рұқсат берілмейді. Себеп – төбелеске қатысып, еңбек заңнамасын өрескел бұзды деген желеумен оны қара тізімге енгізген. Осылайша мүгедек бала бағып отқан көпбалалы әке жұмыссыз қалады. Енді ол өмір бойына Теңізге жұмыс жасауға кіре алмайды.

Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы бұл мәселеге араласа алмаймыз деп отыр. Себебі Русланның арызы бойынша компанияға  жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізе алмайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.