Қазақ шаруаларының өңірлік құрылтайы өтті

2 759
Бүгін Қызылорда қаласында «Шопан Ата» Қазақстан Ұлттық Мал өсірушілер қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақ шаруаларының өңірлік құрылтайы өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Сыр өңірінің ауылшаруашылық саласындағы өзекті мәселелер мен шаруалардың көкейінде жүрген біршама сауалдардың жауабы  шешімін тапты. Жиылған шаруалардың мәселесін тыңдауға «SHOPAN ATA» Қазақстан Ұлттық мал өсірушілер қауымдастығы төрағасы Алмасбек Садырбаев және Қызылорда облыс әкімі Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы мен орынбасары Жаханов Бахыт Дүйсенұлы қатысқан болатын. Шаруалардың басым көпшілігі  мемлекеттік субсидия мен егістікке берілетін су тапшылығы және де шаруаларды несиелендіруде бірқатар шикіліктердің бар екендігін тілге тиек етті. Шаруалардың айтуынша, мемлекет тарапынан  берілетін бірқатар көмек түрлері бүгінде  қолжетімсіз  болып отыр.


«Қазіргі мемлекет басшысынан үмітіміз мол. Шаруалардың құрылтай бас қосуында бәрі тең екенін ескеріңіздер. Шаруалардың ішінде су тапшылығын сезінетін батыс пен оңтүстік. Алайда, Сыр өңірі яғни сіздер бұл мәселені менен жақсы білесіздер көріп жүрсіздер»,-деді «SHOPAN ATA» Қазақстан Ұлттық мал өсірушілер қауымдастығы төрағасы Алмасбек Садырбаев.

Шаруалар мал өнімдерін өндіру, оның ішінде  жүн иіру және де бордақылау сүт өнімдерін сараптайтын зауыт ашуы мен сабаннан қағаз шығаратын зауыттын ашу жоспарын облыс әкімдігіне ұсынды. 


«Бүгінгі күні бір жылдан астам уақыт болды ауылшаруашылық басқармасы шаруалардың несиесін өтей алмай отыр. Шаруалар үшін 16%-дық несиені өтеу қиынға соғып жатыр. Неге бюджетті сапалы жоспарламасқа? Әр жыл сайын өзгеріс қабылданып, мәселе шешілмей келеді»,-деді кредиттік қаржыландыру мекемесінің маманы Абдуллаев Алмат.


Өңір басшысының айтуынша, үкімет су тапшылығын болдыртпауға барлық күш жүгерін салуда. Осы орайда, 


“Су тапшылығының орын алмауына байланысты, президент пен үкіметке де барып келген едім. Осы мәселені егжей-тегжейлі баяндап бердім. Үкіметтің шешіміне байланысты биыл 3,7 миллиард судың аздығына байланысты бөлінетін болды. Қолымыздан келетін мәселерді жасау үшін. Мысалға: скважиналарды қазу, каналдарды тазарту, судың оңай жүруіне жағдай жасау бойынша сіздермен бірге жұмыс жасаймын”,- деді Гүлшара Әбдіқалықова халыққа жауап берді


Айта кету керек, облыс әкімі шаруалардың мәселесін ұзартпай бірін қабылдауға, енді бірін аудандық әкімшіліктің құзырындағы мәселелерді дер кезінде шешіп беруін тапсырып бақылауда болатындығын ескертіп отырды. 

АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ