Зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алу тоқтатылуы мүмкін

1 641

Фото: Gov.kzҮкімет кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақы қорынан 3 триллион теңге мерзімінен бұрын алынғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алайда енді қазақстандықтар олай ақшасын шешіп ала алмауы мүмкін.


"Базалық зейнетақы төлемін басқаша есептеу тәсілімен келісеміз. Біздің ұсынысымыз, біріншіден, зейнетақы ең төменгі еңбекақының 60 пайызына тең болуы тиіс. Екіншіден, сарапшылардың ұсынысы бойынша зейнетақы қорында жиналған ақшаны ерте шешіп алуды тоқтату керек. Біз де мұнымен келісеміз. Себебі қазір ерте шешіп алғандардың зейнетақысы 34 мың теңгеден аспайды. Сондықтан оны доғару керек", - деді Светлана Жақыпова.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.