Президент пен Елбасының қызметін қамтамасыз етуге қанша бөлінетіні анықталды

316

Қаржы министрлігі "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер енгізуді көздеп отыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Құжатта мемлекет башсысы және басқа да органдардың жұмысын қамтамасыз етуге бөлінетін қаржының көлемі көрсетілген.

Президент әкімшілігінің жұмысына биыл 10,6 миллиард теңге қарастырылған. Ал мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз етуге 8,1 миллиард теңге бөлінеді. Сонымен қатар премьер-министрдің қызметін қамтамасыз етуге 3,4 миллиард теңге жұмсалмақшы.

Одан бөлек, Тұңғыш Президент — Елбасының кеңсесіне де қаржы қарасылған. Кеңсе жұмысына 2,6 миллиард теңге бөлінсе, Елбасының қызметін қамтамасыз етудің өзіне 1,2 миллиард теңге жоспарланған. Бұл 2,5 миллион доллар. Тұңғыш Президент кітапханасының жұмысына бөлінетін 1,3 миллиард теңге тағы бар.

Сондай-ақ бірнеше министрлік пен Жоғары сот секілді өзге де мемлекеттік органдарға жұмсалатын шығындар көрсетілген. Құжаттың толық нұсқасын "Ашық НҚА" порталынан көруге болады. Қоғамдық талқылау 21 сәуірге дейін жалғасады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.