Тоқаевты балағаттаған блогерге үкім шықты
Instagram желісіне жариялаған видеосы үшін Атыраудағы блогерге әкімшілік шара қолданылды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бейнежазбада «халық жертөледе өмір сүріп жатыр» деген пікірмен қатар, Қазақстан Президентіне қатысты балағат сөздер айтылған.
12 маусымда сот блогерге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі — «Ұсақ бұзақылық» бойынша істі қарады. Іс материалдарына сәйкес, бейнежазба қоғамдық тәртіпке қайшы келіп, айналасындағыларға анық құрметсіздік көрсеткен.
Тағы да оқыңыздар

Қаз
Рус





