«Бағаның неге өсіп жатқанын білмеймін» – министр

253
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев кеңсе қағазының бағасына қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kzсайтына сілтеме жасап.

«Қазақстанда кеңсе қағазының соншалықты тапшылығы болады деп ойламаймын. Өйткені мәселе бағаның қалыптасуында болып тұр. Қандай бағамен сатылып жатыр дегендей. Қазір біз қағазды сырттан әкелеміз. Негізгі жеткізуші Ресей Федерациясынан 61%-ы келеді. Қажет болған жағдайда біздің бизнес-құрылымдар бағдарын икемдейді деп ойлаймын. Қандай да бір кедергілер туындап жатса, қағаз жеткізудің балама маршруаттары жеткілікті. Бізде қағаз кесу өндірісі бар. Яғни, рулондағы қағаз өндірісі. Екі сондай зауыт бар. Ал шикізатты басқа елдерден әкелеміз», – деді министр.

Сондай-ақ ол бағаның өсуін құзырлы органдар тексеретінін де айтты.

«Бағаны қадағалайтын арнайы органдар бар, солар тексереді. Бағаның неге өсіп жатқанын білмеймін. Өйткені кеше ғана менің тапсырмам бойынша мамандар «Abdi» компаниясына барып қайтты. Олар 3 мың теңгеден сатып жаста, өзге дүкендер 5-6 мың теңгеден сатқан. Бірақ бүгін таңертең «Abdi» де бағаны көтергенін естідім. Тиісті органдар тексеретін шығар. Өйткені бұл – өзге органдардың құзырындағы шаруа», – деді Қайырбек Өскенбаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.