Түнгі сағат 3-те мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды

1 172
Астанада сағаттан шатасып, түнгі 3-те мектепке барған оқушының ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Түнде астаналықтар мектеп маңында тұрған қызды байқап, полицияға хабарласқан. Полиция мәліметінше, оқушы оянғанда, үйдегі сағатта уақыт таңғы 07.00-ді көрсеткен. Осылайша, ол дайындалып, мектепке кеткен.

3 ақпанда сағат 3.26-да «102» арнасына Конституция көшесіндегі мектеп маңында кішкентай қыз тұрғаны туралы ақпарат түсті. Тексеру барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған оқушының түнгі сағат 03.00-де оянып, киініп, мектепке барғанын анықтады. Өйткені үй сағатындағы уақыт таңғы 07.00-ді көрсеткен, - деді елордалық ПД өкілі.

Сондай-ақ, ведомство өкілі ата-анасы бұл туралы полицейлерден білгенін айтты. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.