Соңғы деректер шықты: Еліміздің қанша өңірі "қызыл" аймақта
360

10 қыркүйектегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан,Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.
"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
Түркістан облысы "жасыл аймақта".
Айта кетейік, өткен тәулікте елде 4024 адамнан коронавирус анықталды.
Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 832 248-ге жетті.