Видео үшін баласының өмірін қауіпке тіккен әкеге айыппұл салынды

1 500

Фото:© Видеодан скринТүркістанда жол сақшысының киімін киіп, жолда автокөліктерді тоқтатып тұрған  видеодан соң баланың әкесіне шара көрілді, - деп хабарлайды   Opennews.kz   ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желілерде облыс орталығындағы үлкен жолдың бойында жас  полицейдің қызу әрекеті түсірілген бейнежазба қызу талқылануда. Оқиға кешкі уақытта болған. Бала қарбалас уақытта жолдың ортасына шығып, қозғалыстағы көліктерді тоқтатқан, ал оның әкесі бұл әрекетті таспаға түсіріп тұрған. «Баланың полиция формасын кигені немесе полиция қызметкері болуды армандағаны үшін ешкім жазалаған жоқ. Керісінше, біз балалардың болашағын полиция қызметімен байланыстыруға деген ұмтылысын құптаймыз. Бірақ мұндай әрекеттер баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Жүргізушінің бір абайсыз қозғалысы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін болғандықтан  араластық деп түсіндіреді полицейлер. 

Баламен және оның әкесімен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Баланың өзіне ешқандай жауапкершілік шаралары қолданылмады. Әкімшілік материал ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкесіне қатысты жасалды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.