"Қатты ыстық пен қапырық": жасөспірім ұйықтап жатқан жерінде көз жұмған

1 549

Фото:© pexels.comҚостанайдағы балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жастағы жасөспірімнің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған дерек бойынша қазір полиция тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаған. Мәліметтерге сәйкес, 28-ші шілдеде күндіз 14 жастағы мүгедектігі бар жасөспірім ұйықтап жатқан жерінде көз жұмған.

"Интернат қызметкерлерінің айтуынша, баланың жүрегі тоқтап қалған. Олар баланың жағдайы орталық бөлмелеріндегі қатты ыстық пен қапырықтан нашарлап кетуі мүмкін екенін жоққа шығармаған.

Сонымен қатар өлімнің нақты себебі тек медициналық зерттеулер мен оқиғаның барлық мән-жайын объективті тексеру нәтижелері бойынша анықталуға тиіс", - делінген жазбада.

"Қажетті процессуалдық әрекеттер жасалып жатыр, оның нәтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.