Миллиард теңгеге салынған мектеп стандартқа сай емес
1 764
Қызылорда қаласындағы №282 мектеп-лицей оқушыларының ата-аналары «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалына лифтінің істемей тұрғаны туралы арыз жазған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Тексеріс барысында мектепте біршама заң бұзушылық анықталған. КБИ шағын ауданындағы 600 орындық №282 мектеп-лицей 2020 жылы пайдалануға берілген болатын. Мектептің құрылысына 974 миллион 400 мың теңге бөлінген.
Алайда, жаңадан бой көтерген білім ордасы салыстырмалы түрде жаңа болғанымен, біршама жұмыстары аяқсыз қалған. Атап айтқанда, лифт жұмыс істемейді, ойын алаңы стандартқа сай емес.
Ал, ата-аналардың жазған арызында көрсетілген лифт мүгедек балаларға орнатылған, бірақ іске қосылмаған. Себебі, тиісті құжаттары жоқ. Ол аздық еткендей тексеріс барысында басқа да заңбұзушылықтардың бар екендігі де анықталған.
Мәселен, мектепке пайдаланылмайтын 24 графикалық проектор, 6 млн 898 мың, 430 мың теңгеге 5 лингафондық жинақ сатып алынды, бірақ сыныпта тек орындықтар мен құлаққаптары бар үстелдер орнатылған. Ал, балаларды маймен қамтамасыз ету мақсатында 715 875 теңгеге май бөлгіш “Маслоделитель ручной РДМ - 5” құрылғысы сатып алынған.
Мәселеге қатысты мектеп директорының қызметін уақытша атқарушы Болат Шураев өзінің бұл қызметке келгеніне небәрі екі күн болғандығын және анықталған бұзушылықтардың барлығы жойылатындығын алға тартқан.
Мектеп ғимаратында балалардың білім алуына кедергінің көп екенін директордың өзі мойындаған. Ал, қалалық білім басқармасының басшысы Динара Баймұрзаева әзірге аталған олқылықтарға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Сондай-ақ, мектепке май бөлгіш құрылғының қажеті қанша екені де белгісіз күйінде қалып отыр.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

– Жобада кәсіби футбол алаңы, балалар сырғанақтары, әткеншектері қарастырылған. Бірақ, белгілі болғандай, олар темірден жасалған және жай ғана дәнекерленген.Сонымен қатар, кедергісіз қолжетімділік аясында мүмкіндігі шектеулі балалардың еркін жүріп-тұруы жоспарланған, бірақ олай емес. Барлық жерде кедергілер бар, – деді «Әділдік жолы» ҚБ Қызылорда филиалының жетекшісі Ләззат Бақтыбаева.
Ал, ата-аналардың жазған арызында көрсетілген лифт мүгедек балаларға орнатылған, бірақ іске қосылмаған. Себебі, тиісті құжаттары жоқ. Ол аздық еткендей тексеріс барысында басқа да заңбұзушылықтардың бар екендігі де анықталған.
Мәселен, мектепке пайдаланылмайтын 24 графикалық проектор, 6 млн 898 мың, 430 мың теңгеге 5 лингафондық жинақ сатып алынды, бірақ сыныпта тек орындықтар мен құлаққаптары бар үстелдер орнатылған. Ал, балаларды маймен қамтамасыз ету мақсатында 715 875 теңгеге май бөлгіш “Маслоделитель ручной РДМ - 5” құрылғысы сатып алынған.
Мәселеге қатысты мектеп директорының қызметін уақытша атқарушы Болат Шураев өзінің бұл қызметке келгеніне небәрі екі күн болғандығын және анықталған бұзушылықтардың барлығы жойылатындығын алға тартқан.
– Талқылау барысында мердігер компанияның өкілі ағымдағы жылдың қараша айында аяқталатын кепілдік мерзімінде заң бұзушылықтарды жояды деп сендірді. Барлығы заң аясында жасалады, – деді Болат Шураев.