Қызылордада сотталған азаматтар рақымшылықпен босатылды

2 316

Фото: Қызылорда облысы ҚАЖ баспасөз қызметіҚызылордада пробация есебіндегі 47 сотталған азамат рақымшылықпен босатылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда пробация қызметінің есебінде 1000-ға жуық азамат есепте тұр. 2025 жылғы 23 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң аясында Қызылорда облысы бойынша пробация қызметтерінің есебіндегі 300-ден астам азаматтың іс-құжаттары сот қарауына жолданған. Бүгінгі күнге 59 сотталғанның іс - құжаттары сотпен қаралып, сот қаулысымен 47 сотталған жазадан босатылса,12 сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды.

“Мен жасаған әрекетіме шын жүректен өкінемін. Рақымшылыққа ілігіп, жазамнан босатылдым. Ендігі мақсатым — жұмыс тауып, отбасымның алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, жаңа өмір бастау”, — деді босатылған азамат.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.