Қазақстанда 7 микроқаржы ұйымы лицензиясыз қалды

2 500

фото: www.istockphoto.comҚаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстандағы жеті микроқаржы ұйымын лицензиясынан айырды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Агенттіктің мұндай шешім қабылдауына олардың тұтынушылар құқығын назарға алмай, заңды жүйелі түрде бұзып келгені себеп болған.

Ведомство 2026 жылғы 23 қазандағы бұйрықтар негізінде мына ұйымдарды лицензиясынан айырды:

«MaxMoney» МҚҰ» ЖШС»;

«Microfinance Systems» МҚҰ» ЖШС;

«SurfKaz Finance» МҚҰ» ЖШС;

«MFO№1» МҚҰ» ЖШС;

«Умит Финанс» МҚҰ» ЖШС;

«Вивус» МҚҰ» ЖШС;

«EL QAZYNA» МҚҰ» ЖШС).

«Бұл шешімдер заң бұзудың жолын кесуге, жөнсіз практикалардың алдын алуға, микроқаржы нарығына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға және заңнамада белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Заңнамаға сәйкес микроқаржы ұйымдары лицензиясынан айырылған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді алып тастап, қайта тіркеу рәсімін өткізуі қажет», – делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.