«Қазақстанда ашаршылық болады»: Көріпкел қыз елді шошытатын болжам жасады

1 501

Фото видеодан скринЖурналист Жанар Байсемізге сұхбат берген көріпкел қыз Қазақстанның болашағына қатысты үрейлі болжамын жариялады. Ол елде жойқын ашаршылық болуы мүмкін екенін айтып, мұндай жағдайдың әдейі ұйымдастырылатынын меңзеген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Сұхбат барысында Жанар Байсеміз қонағынан Қазақстанның болашағы туралы сұраған. Көріпкел қыздың жауабы күтпеген жерден ашаршылық тақырыбына ауысты.

«Қазақстанда ашаршылық келе жатыр, Жанар ханым. Бұл туралы біраз уақыт бұрын жазған болатынмын. Бірақ адамдар ауыр сөздер жазып, қарғағаннан кейін ренжіп, жазбамды архивке салып тастадым», – деді ол.

Көріпкелдің сөзінше, алдағы ашаршылық кездейсоқ табиғи немесе экономикалық апат емес, алдын ала жоспарланған әрекеттің салдары болуы мүмкін.

«Өте мұқият, өте ұқыпты, өте саналы түрде жасалған ашаршылық келе жатыр», – деген мәлімдеме жасады ол.

Журналист Қазақстанда 1930-жылдары болған алапат ашаршылықты еске салып, қазіргі өркениетті заманда мұндай трагедияның қайталануы мүмкін бе деп сұрады.

Қонақ мұндай қауіптің бар екенін айтып, оны жасанды интеллект дамыған қазіргі заманмен байланыстырды.

«Әсіресе жасанды интеллект біздің тәнімізге, денемізге, жанымызға еніп кеткен, қайсысы өтірік, қайсысы шын екенін ажырата алмайтын заманда бұл өте мүмкін», – деді ол.

Жанар Байсеміз болжамның қашан жүзеге асуы мүмкін екенін де сұрады. Алайда көріпкел нақты жылын атаған жоқ.

«1930-жылдардағы ашаршылық бірден басталған жоқ. Оған 10–15 жыл дайындалды. Дәл солай бізде де болады», – деді ол.

Сұхбат соңында көріпкел қыз өзінің де ана екенін, балалары мен жақындарының болашағына алаңдайтынын айтып, мұндай болжамның ешқашан жүзеге аспауын тілейтінін жеткізді.

Айта кетейік, бұл – сұхбат қонағының жеке болжамы. Қазақстанда әдейі ашаршылық ұйымдастыру жоспары бар деген тұжырымды растайтын ешқандай дәлел келтірілген жоқ. Сондықтан оның сөздерін елдің болашағына қатысты анықталған дерек ретінде қабылдауға болмайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.