Академик Серік Қирабаев өмірден озды
372
Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, көрнекті әдебиет сыншысы Серік Қирабаев 95 жасына қараған шағында өмірден өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.Серік Смайылұлы 23 наурыз, 1927 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Жаңаарқа (Атасу) кентінде туған. Оның Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелеріне арналған сын мақалалары мен рецензиялары 1948 жылдан бастап жарық көре бастады. Содан бергі уақытта 800-ден аса әдеби сын, ғылыми мақалалары мен еңбектері жарық көрген.
2005 жылы Президент жарлығы бойынша, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері.
2007 жылдың 30 наурызында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке қабылдауында болып, қазақ ғылымына сіңірген айрықша еңбектері үшін еліміздің ең жоғарғы "Отан" орденімен марапатталған.
2012 жылы Президент жарлығымен ІІ дәрежедегі "Барыс" орденімен және көптеген мемлекеттік медальмен марапатталған.







