Мұғалімдерді қара жұмысқа салған

239
Мектепте жұмыс жасайтын қызметкерлерді басшылық шақырып алып, қоймадағы қара жұмысты істеу керектігін айтқан, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Telegram әлеуметтік желісінде мектеп мұғалімдерін жүк тасытып, қара жұмысқа салғаны туралы бейне-жазба жарияланған.  

Міне көріп отырсыздар ма, мектеп қызметкерлерін қалай итше жұмсайды?! Мұнда ұн, қант сияқты заттарды әкімдік қайырымдылық ретінде таратып жатыр, алайда мұнда мектептегі қызметкерлер жүк тасушы болып жүр,- дейді мұғалім.


Оның айтуынша, әкім жақсылық жасап жатыр, бірақ мұны біреуді жұмсау арқылы жасағаны дұрыс емес екен.




 Былай жасалған жақсылық сауапты ма?,- дейді ол.

Әзірге оқиғаның қай өңірде болғаны белгісіз.

​​​
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.