Күйеуі ажыраспақ болған әйелін ұрып құлатқан

1 644

Фото: видеодан скриншотБлогер Жанна Ахметова Facebook желісінде тағы бір әйелге жасалған шабуылдың бейнежазбасын жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Онда күйеуі әйелінің телефонын сындырып, өзін ұрып кеткен.


"Әйел 11 жыл отасқан күйеуімен ажырасуға бел буды. Балаларын алып, Тараздан Алматыға көшіп келген. Енді күйеуі артынан келіп, оны қайтуға мәжбүрлеп жүр", – деп жазды ол.

Әйел күйеуінің үстінен арыз түсірген.


Алматы полициясы бұл факті бойынша тексеру жүргізілгенін хабарлады.


«Жиналған материалдар қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберілді», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.