Күйеуі ажыраспақ болған әйелін ұрып құлатқан
1 647
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Блогер Жанна Ахметова Facebook желісінде тағы бір әйелге жасалған шабуылдың бейнежазбасын жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Онда күйеуі әйелінің телефонын сындырып, өзін ұрып кеткен.
"Әйел 11 жыл отасқан күйеуімен ажырасуға бел буды. Балаларын алып, Тараздан Алматыға көшіп келген. Енді күйеуі артынан келіп, оны қайтуға мәжбүрлеп жүр", – деп жазды ол.
Әйел күйеуінің үстінен арыз түсірген.
Алматы полициясы бұл факті бойынша тексеру жүргізілгенін хабарлады.
«Жиналған материалдар қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберілді», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қаз
Рус






