Алаш арыстарының көзі ойылған киімдер жұрт наразылығын тудырды
337
Qulan.kz онлайн киім дүкені Алаш арыстарының көздері ойылған суреттері бар жейделерді сатып жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Qulan.kz онлайн киім дүкені алаш арыстары Мағжан Жұмабайұлы, Шәкерім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлдарының суреттері бар жейделерді сатып жатыр. Киімдер «Бес арыс» коллекциясы деп аталады. Алайда, қазақтың көзін ашқан арыстардың көзін ойып, алып тастаған. Ұлтты оятқан тұлғалардың аянышты бейнесі құдды бір соқыр адамдар секілді әсер береді, деп malim.kz ақпарат порталы жариялады.
Тарих пәнінің мұғалімі Айдос Жанатұлы көзі ойылған алаш қайраткерлері бейнеленген жейдені өзінің оқушысының үстінен көргенін айтады.
Алаш арыстарын дәріптеп жүрген Ернат Мелсұлы да «бұл әрекетке жол беруге болмайды» дейді.
Бұл жайтқа қатысты Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы пікір білдірді.
Ол, сондай-ақ, ислам дінінде адамдардың, жануарлардың, басқа да тіршілік иелерінің суреті салынған киімдерді шығаруға тыйым салынбағанын айтты.

Жейдедегі біртүрлі суретті көрген соң «мынауың не?» дедім. Оқушым осындай киімдер трендке шыққанын, оны Qulan.kz онлайн дүкенінен алыпты. «Оян қазақ!» деп елді қараңғылықтың түнегінен шығарған ардақтыларымызды «соқыр етудің» астарында ұлтқа қарсы мүдде жатқаны анық. Сататын жейделеріне Әлихан, Ахметтердің ұлағатты нақыл сөздерін жазсын, бірақ ағартушыларымызды олай қорлауына жол бермеу керек, - дейді ашынып.
Алаш арыстарын дәріптеп жүрген Ернат Мелсұлы да «бұл әрекетке жол беруге болмайды» дейді.
Қоғам белсендісі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай, арыстың туған жері Ақкөл ауылынан Стамбулға дейін 5555 шақырымды велосипедпен басып өткен. Біртуар тұлғаларымызды жанкештілікпен насихаттап жүрген Ернаттың айтуынша, бұл ұлтты ұйыстырмаудың бір амалы. Аталған өнімді оқушылар сатып алып, жаппай кие бастаған. «Жастарымыздың санасын олай улауға болмайды. Меніңше бұл дүмшелік. Шығарушылар өзінің бейнесін көзін «ойып» жариялай берсін. Бірақ, Алаш қайраткерлерін өздерінің «діни» ұстанымына және Ұлт арыстарын мынадай бейнеде жейде қылып сатып, пайда табу кәсібіне араластырмағаны жөн. Біздің дінге жауапты құзырлы мекеме мен Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы бұған не дейді екен? Алаш қайраткерлерінің «көзін» құрту кімге пайдалы?! Компания менеджері Жаннаға хабарласқанымда ол "қазақылық шеңберін де, ислам шеңберін де ұстап отырмыз. Жаман дүние жасап жатқанымыз жоқ. Біздің бұл жұмысты 95 пайыз адамдар қолдап, бізден киім алып, мақтанышпен киіп жүр. Ол жерде қарапайым адам да, ғалым да, ұстаз да, дін маманы да біздің клиенттер",- деп жауап берді. Осылайша пікірін, ұстанымын білдірді,- дейді Ернат.
Бұл жайтқа қатысты Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы пікір білдірді.
Әлеуметтік желілерде Алаш арыстарының бейнесі салынған киімдерге қатысты жазбалар жарияланды. Киімдерге салынған суреттерде Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Мағжан, Жүсіпбек секілді тұлғаларымыздың көзін жасырған. Осыған байланысты қоғамда наразылық туындауда.
Мұндай киімдер жеке кәсіпкерлердің сату мақсатында жасап жатқан дүниелері болуы мүмкін. Алайда ұлт қайраткерлерін бұлай мансұқтауға болмайды. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы Алаш арыстарының көзі жасырылған киімдерді шығарып, сатудың дұрыс емес екенін мәлімдейді.
Шариғатта тірі жанның көзін салмай, бейнесін ғана салуға болады деген пәтуа жоқ. Мүфтият бұған қатысты пәтуа шығарған емес. Арыстарымызды бұлай «дәріптеуге» жол берілмеуі тиіс. Ел үшін жанын пида еткен Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Мағжан, Жүсіпбек секілді қайраткерлеріміздің асыл бейнелерін қорлауға болмайды. Мұндай әрекеттер – ұлт қаймақтарына деген құрметсіздік, – деді Ағабек Қонарбайұлы.
Мұндай киімдер жеке кәсіпкерлердің сату мақсатында жасап жатқан дүниелері болуы мүмкін. Алайда ұлт қайраткерлерін бұлай мансұқтауға болмайды. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы Алаш арыстарының көзі жасырылған киімдерді шығарып, сатудың дұрыс емес екенін мәлімдейді.
Шариғатта тірі жанның көзін салмай, бейнесін ғана салуға болады деген пәтуа жоқ. Мүфтият бұған қатысты пәтуа шығарған емес. Арыстарымызды бұлай «дәріптеуге» жол берілмеуі тиіс. Ел үшін жанын пида еткен Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Мағжан, Жүсіпбек секілді қайраткерлеріміздің асыл бейнелерін қорлауға болмайды. Мұндай әрекеттер – ұлт қаймақтарына деген құрметсіздік, – деді Ағабек Қонарбайұлы.
Ол, сондай-ақ, ислам дінінде адамдардың, жануарлардың, басқа да тіршілік иелерінің суреті салынған киімдерді шығаруға тыйым салынбағанын айтты.
Асыл дініміз мұндай киімдерді шығаруға қарсылық білдірмейді. Алайда тірі жанның суреті салынған киіммен намаз оқымаған абзал. Мұндай киіммен намаз оқу – мәкруһ. Ал осы мәселеге қатысты сұхбат берген ҚМДБ Төраға орынбасары, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлының сөзін кесіп, тек бір жақты бағытта пікір таратып, қоғамда екіұдай көзқарас тудыру дұрыс емес, – деді Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз хатшысы.