Арал теңізінің деңгейі жарты метрге көтерілді

432

Арал теңізінің деңгейі 48 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

 

Қазіргі таңда теңіздегі су деңгейі 48 сантиметрге дейін көтерілді. Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Зейнулла Қазтоғановтың айтуынша, бұған дейін Солтүстік Арал теңізіне жиналған су көлемі 27,0 млрд текше метрден 18,5 млрд текше метрге азайып, су деңгейі 40,42 мБЖ (метр Балтық жүйесімен) дейін төмендеген болатын.

2022 жылдың қазан айынан бастап теңіздегі су деңгейі 40,90 мБЖ, немесе 48 см дейін көтеріліп, жиналған су көлемі 19,7 млрд текше метрге ұлғайды, - дейді Зейнулла Қазтоғанов.

Былтыр Арал теңізіне 816 млн м3 су түссе, биыл екі айдың өзінде 803 млн м3 түсті.