Қызылорда облысында жүк пойызы отқа оранды

191

Қызылорда облысы аумағында жүк пойызынан өрт шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Осы жылдың 16 мамырында Қызылорда-Жосалы учаскесінде жүк пойызының локомотиві өртенді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт аудандық өртке қарсы қызмет күшімен жедел түрде өшірілді», - деп атап өтеді «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметінен.


Компания мәліметінше, оқиға орнына қосалқы локомотив жіберілген.


Өрттің шығу себептерін анықтау жұмысы жүріп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.