Жастармен жұмыс жүйелі жүруде
158
Қызылорда қаласында жастар ресурстық орталығы «Qosyl kenes» жобасы арқылы жастарға үздіксіз кеңес беруді ұйымдастырады. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында насихаттау, болашаққа деген таңдау жасауда көмектесу және тағы басқа маңызды шаралар жүзеге асырылады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мысалы, Қызылорда қаласы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау тобы өз жұмысын бастап, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі мен С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің бітіруші түлектерімен кездесті. Жастарға «Qosyl kenes» телеграм бот қызметі таныстырылып, қажетті ақпараттарды оңай алу мүмкіншіліктері көрсетілді. «1.2.3 Старт» жобасы аясында дұрыс мамандық және оқу орнын таңдау кезіндегі негізгі критерийлер бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетімен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетімен, Қорқыт ата атындағы университетімен мектеп бітіруші түлектерді кездестіру мақсатында тікелей эфирлер өткізілді. Жалпы тікелей эфирге 1200 жас қатысқан.
Облыстық атамекен кәсіпкерлер палатасының заң және мемлекеттік сатып алу бойынша кеңесшісі Әмір Анельмен тікелей эфир өткізіліп, бағдарлама бойынша орын алған өзгерістер туралы толық ақпарат берілді. Ал тұрғын үй мәселесіне қатысты жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша «Отбасы банкі» АҚ Қызылорда филиалының қаржы кеңесшісі Нұрлыбек мырзамен «qosyl.mrc» инстаграм әлеуметтік желісінде тікелей эфир өткізілді.
Қалалық жастар орталығының инстаграм, фейсбук және телеграм желілерінде ресми парақшалары үздіксіз жұмыс істеп, маңызды оқиғалар мен жаңалықтар легі уақытылы ақпараттандырылуда.
Жастарға мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша онлайн кеңес беруге арналған Telegram бот ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жастар бот қызметі арқылы өздеріне қажетті ақпараттарды үздіксіз (24/7) және онлайн алу мүмкіндігін иеленуде. Қазіргі уақытқа дейін бот қызметін онлайн түрде 5 мыңға жуық жас пайдаланған.
«Өмірлік маңызды дағдылар» жобасы арқылы жастардың құзыреттері мен дербестіктерін дамыту да үздіксіз жүргізіліп келеді. Бағдарлама аясында жастарға бейресми білім беру бағытында «Болашақ» университетінің белсенділеріне «Өмірлік маңызды дағдылар» курсын ұйымдастырды. Курс аясында «Командадағы ынтымақтастық», «Сыни ойлау», «Креативті ойлау» және «Шешімдер қабылдау» модулдерінен семинар-тренингтер өткізілді.
Орталық қызметкерлерінің бастамасымен жастар ресурстық орталықтарының жастар қызметкерлеріне арналған 2 күндік семинар-тренинг өткізілді. Тренингке аудандық және қалалық жастар орталықтарының қызметкерлері қатысты. Оқыту барысында бейресми білім беретін ортаны қалыптастыратын арнайы тетіктермен жұмыс жасау механизміне байланысты тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.
Астанада қаласында «Жастарды әлеуметтік бағдарлау» жобасының бірінші циклінің қорытындысы өтті. Отырысқа орталық кеңесшісі Нұрасыл Бекматов қатысып, Самғау жобасын жастар орталықтарына енгізу тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, сәтті жобалар жиынтығы ретінде орталық қызметінің жұмысы арнайы бейнероликке түсірілді.
Шығармашыл жастарға қолдау білдіру және оларға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде облыстық жайдарман ойындарының ақтық кезеңі өтті. Оқу жылының басында бастау алған маусымға барлық аудандардан, білім ордалары мен оқу орындарының шығармашыл жастарынан құралған 40-тан астам құрама қатысуға мүмкіндік алып, соның ішінен үздік деп танылған 6 команда аталмыш финалда бақ сынады.
Облыстық жайдарман ойындарының финалдық 2 кезеңі өткізілді. «Бастау» және «Супер» лигалар бойынша финалдық ойындар өтіп, 20-дан аса команда бақ сынасты. Нәтижесінде тұрақты түрде іске асырылып отыратын жайдарман ойындарына 500-ден аса жас қамтылды.
Жастардың бейресми орталарын және жұмыс беру ошақтарын қалыптастыру аясында «Qosyl» жастар орталығы және «Қыз Жібек» мейрамханасының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында жас аспаздар сайысы өтті. Сайыс мақсаты – жас таланттарды анықтап, олардың кәсіби ортасын қалыптастыру, сонымен қатар үздіктерін алдағы уақытта тұрақты жұмыстарға орналастыру. Байқауға тіркелген 42 қатысушы үш кезең бойынша бақ сынады. Финалға үздік деген 14 қатысушы өтіп, аспаздық және кондитерлік бағыттар бойынша сайысқа түсті.
Жас аспазшылардың ортасын қалыптастыру мақсатында жас аспазшылардың «Үздік аспаз» байқауы өткізілді. Байқауға аспазшы болып қызмет атқаратын қала жастары қатысты. Аспазшылар түрлі тағамдарды әзірлеуден жарысқа түсіп, авторлық және европалық тағам түрлерін әзірледі. Нәтижесінде үздіктер топ жарып, жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар сайысқа қатысқан 5 жас тұрақты жұмыспен қамтылды.
Кәсіптік-техникалық мамандықтарды насихаттау барысында «Самғау» жобасы «Жас тас қалаушылар» мен «Жас дәнекерлеушілер» байқауы өткізілді. Байқауға осы саланың түлектері қатысты. Олар кірпіш өруден және дәнекерлеу ісі бойынша бұйымдар жасаудан жарысып, үздіктері анықталды.
Сонымен қатар, жоба аясында «Жас тігіншілер» байқауы да ұйымдастырылды. Байқауға 40 жас тіркеліп, іріктеу кезеңінен 8 жас екінші кезеңге жолдама алды. Байқаудың екінші кезеңі «Dalatex» тігін шеберханасында өткізіліп, жеңімпаз анықталды. Жеңімпаз жыл соңында қала әкімінің «Самғау» жастар сыйлығымен марапатталады. Жоба аясында алдағы уақытта жас электриктер және жас автомеханиктер байқауларын өткізу жоспарлануда.
Жастар қажеттілігін қанағаттандыру және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірінші курс студенттері арасында «Кроссфит» жарысы, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Бәйтерек және Титов мөлтек аудандарында «AULA SPORT» мәдени-спорттық шара, ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай орталығымызда Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округ жастары арасында волейбол сайысы, ауқымды стритбол турнирі өтті, турнирге Алматы, Тараз, Түркістан облысы және Қызылорда облысының жастары да келіп қатысты.
Жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында аясында «Qoldau» волонтерлер тобы қала тұрғыны жалғыз басты ардагер Василий Геннадьевичтің үйіне барып, қол көмек көрсетті, Белкөл кенті клубының ұйымдастыруымен №189 орта мектебінде «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу» тақырыбында кент жастарымен кездесуі, «Ізденіс жолы» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, орталығымызда жас аналармен «Балалық шақтағы психологиялық соққы салдары» атты кездесу шаралы өткізілді.
25 мамыр күні бітіруші түлектерге арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеш қонақтары ретінде қала жастары арасында танымал диджей шақырылды. Үш сағаттан астам уақытқа созылған шара би кешіне ұласып, шараға 3000-нан аса жас қатысты.
12 тамыз – Халықаралық жастар күнінде «Qosyl» жастар орталығының базасында жастардың қала әкімімен кездесуі өткізілді. Кездесуге белсенді жастар, ҮЕҰ өкілдері, сала басшылары мен белсенділер қатысты. Жастар шаһар басшысына ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.
Қала күнінде жастар арасында «Мобилография» фестивалі ұйымдастырылды. Фестивальге 100-ден аса жас мобилографтар қатысты. Фестивалді Қазақстандағы мобилографияның негізін қалаушылардың бірі Қыран Талапбек жүргізіп, жастармен кездесті. Шара нәтижесінде қаладағы жас мобилографтардың ортасы қалыптасты.
Жастар сұранысына сәйкес «PING PONG» үстел теннисінен сайыс үздіксіз ұйымдастырылды. Екі ай көлемінде 8 мәрте сайыс ұйымдастырылып, сайысқа 80-ге жуық жастар қатысты. Әр сайыстың үздіктері анықталып, гранд финалға 10 жасқа жолдама берілді. Финал жеңімпаздары қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
«Qosyl» жастар орталығының тұрақты жобаларына айналған «Qosyl acoustic» шығармашыл жастардың ән кеші әр ай сайын өткізіліп келеді. Жаз мезгілнде ән кеші қаламыздың көрнекті жерлерінде, әдемі локацияларда ұйымдастырылды. Әр кешке кемінде ән айтатын топтың 25-ке жуық әншісі мен 150-ден астам тұрақты көрермен қатысты.