Қыз зорлаған депутаттың күйеуі 20 жылға сотталды
Жамбыл облысында 12 жасар қызды зорлаған депутаттың күйеуіне қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Айыпталушы аудандық мәслихат депутатының күйеуі. Ол оқушы қызды зорлады деп айыпталған. Салдарынан 12 жастағы оқушы ер адамнан жүкті болған. Ал ұстаздары жағдайды жасыру үшін қыздың ата-анасына ескертпей, жасанды түсік жасату үшін жеке емханаға жіберген.
Прокурор күдікті Морозды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өзі кінәсін мойындамады.
Қаз
Рус






