Қазақстанда әскери қызметтің жаңа түрі енгізіледі
Мәжілістің жалпы отырысында резервтегі қызмет мәселелері туралы заң екінші оқылымда қабылданды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Заң жобасы 2024 жылдың 15 қарашасында бірінші оқылымда мақұлданған.
Құжатты депутат Ермұрат Бәпи таныстырды. Депутат заң жобасы резервтегі қызмет мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеп, әскерге жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттілігіне байланысты туындағанын айтты. Енді елімізде «резервтегі әскери қызмет» және әскери қызметшінің жаңа санаты – «резервтегі әскери адам» ұғымдары пайда болады. Бұл әскер құрамын толықтырудың қосымша әдісі.
Заң жобасын қарау барысында мәжілісінің депутаттары 100-ге жуық түзету енгізген.
Тағы да оқыңыздар
