Зейнеткер күйеуін пышақтап өлтірді

1 149

Фото: istockphoto.comТеміртауда зейнеткер әйел күйеуін өлтіргені туралы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға 21 қазан күні болған. Кешкі уақытта зейнеткер әйел күйеуін пышақтап өлтірген.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Теміртауда 21 қазанда болған кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен жәбірленушінің бірге тұратын 63 жастағы серіктесін ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр», - деді полиция.

Бұл ретте полиция департаменті жәбірленушінің де, күдіктінің де бұрын полиция тіркеуінде болмағанын атап өтті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.