Зейнеткер күйеуін пышақтап өлтірді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Теміртауда зейнеткер әйел күйеуін өлтіргені туралы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиға 21 қазан күні болған. Кешкі уақытта зейнеткер әйел күйеуін пышақтап өлтірген.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Теміртауда 21 қазанда болған кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Бұл ретте полиция департаменті жәбірленушінің де, күдіктінің де бұрын полиция тіркеуінде болмағанын атап өтті.
Қаз
Рус






