Туберкулездің ашық түрімен ауыратын мұғалім оқушыларға сабақ беріп келген

193

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шымкентте туберкулездің ашық түріне шалдыққан бастауыш сынып мұғалімі оқушыларға сабақ беріп келген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



“Отырар” басылымының жазуынша, оқиға №33 орта мектепте болған.


“11 сәуірде жағдай анықталғаннан кейін мектепті толық дезинфекциялау жүргізілді. Кеше, 12 сәуірде мектеп жұмыс істемеді. Осы уақытта байланысқан адамдар анықтала бастады, олар медициналық бақылауға алынды. Науқастың өзі ауруханаға жатқызылды және оқшауланды. Оның жағдайы тұрақты", – деді Шымкент қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.


Мұғалім бірнеше сыныпта сабақ берген, атап айтқанда, бірінші және төртінші сынып оқушыларымен байланыста болған. Санэпидемиологтардың айтуынша, оқушылар мен оқытушылар құрамы арасында туберкулездің таралуына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылданған. Санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жалғасуда.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.