Екі баланың әкесі қыз зорлап, 5 жылға сотталды
Павлодарда қыз баланың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, зорлаған ер адам сотталды. Іс жабық есік артынды қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Іс материалдарына сәйкес, сот отырысында екі баланың әкесі отырған. Жарыссөз барысында сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Ал өзі мен оның қорғаушысы ақтау үкімін сұрады.
Алайда оның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сот зерттеген басқа да дәлелдемелермен расталады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қаз
Рус






