Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз қол сұққандар сотталды
Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз қол сұқты деп айыпталған бірнеше адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ақпараты бойынша, қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағандары үшін кінәлі деп танылған Қазақстан азаматтары "С", "Ж" және "Н" қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енді.
Тергеу амалдары сотталған адамдар 2023 жылы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізіп, көшіруге мүмкіндік бергені анықталды.
Қаз
Рус






