Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз қол сұққандар сотталды

1 583

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетіҰлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз қол сұқты деп айыпталған бірнеше адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ақпараты бойынша, қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағандары үшін кінәлі деп танылған Қазақстан азаматтары "С", "Ж" және "Н" қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енді.


“Олардың әрбіреуіне 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді, сондай-ақ ақпараттық технология және телекоммуникация желілері саласында лауазымды қызметке тұру құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды”, – делінген комитеттің баспасөз қызметінің хабарламасында.


Тергеу амалдары сотталған адамдар 2023 жылы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізіп, көшіруге мүмкіндік бергені анықталды.


“Олардың Ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтер мен магистранттардың білімін бағалаудың өткізілуіне қол сұққаны дәлелденді”, – делінген хабарламада. 



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.