Көпбалалы әке эпилепсиямен ауыратын қызын зорлаған
1 608
Кәмелетке толмаған баланы зорлау фактісі бойынша сот талқылауы Ақтау №2 қалалық сотында өтіп жатыр. Сотталушы бес баланың әкесі қызын зорлады деп айыпталған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Басылым мәліметінше, жәбірленуші қыз эпилепсиямен ауырады. Туыстары қызды және оның анасын көпшіліктің қысымына ұшыратпау үшін бұл істі жасыруға тырысқан.
"Күдікті 5 баланың әкесі. Біз бұл оқиғаның мән-жайын білгенде төбе шашымыз тік тұрды. Мен оған жасағанының бәрін ұмытқым келеді. Қыздың өзі эпилепсиямен ауырады, туыстары мен ата-анасының арқасында сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Соттың бірнеше отырысы өтті. Туыстарының айтуынша, сотта күдіктінің адвокаты анасын ата-ана құқығынан айырамын деп қорқытқан. Күдіктінің өзі де қызға зорлық-зомбылық туралы ешкімге айтпауы үшін қоқан-лоққы көрсеткен.
Айыптау актісінің мазмұны тек ер адамның зорлық-зомбылық әрекеттеріне негізделген. Ол оны зорлады! Тіпті оральді жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Бәріне дәлел бар,биоматериалдар жиналды. Зорлаған ер адам ұсталып,уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алайда, қорғаушы тарап болған оқиғаға қыздың анасын кінәлі деп пікір айтты", - дейді "НеМолчиKZ" қорының мамандары.

Қор еріктілері құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ прокуратурадан аталған іске назар аударуын сұрайды.