Көпбалалы әке эпилепсиямен ауыратын қызын зорлаған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Кәмелетке толмаған баланы зорлау фактісі бойынша сот талқылауы Ақтау №2 қалалық сотында өтіп жатыр. Сотталушы бес баланың әкесі қызын зорлады деп айыпталған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Басылым мәліметінше, жәбірленуші қыз эпилепсиямен ауырады. Туыстары қызды және оның анасын көпшіліктің қысымына ұшыратпау үшін бұл істі жасыруға тырысқан.
Айыптау актісінің мазмұны тек ер адамның зорлық-зомбылық әрекеттеріне негізделген. Ол оны зорлады! Тіпті оральді жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Бәріне дәлел бар,биоматериалдар жиналды. Зорлаған ер адам ұсталып,уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алайда, қорғаушы тарап болған оқиғаға қыздың анасын кінәлі деп пікір айтты", - дейді "НеМолчиKZ" қорының мамандары.
Қор еріктілері құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ прокуратурадан аталған іске назар аударуын сұрайды.
Қаз
Рус






