Шиеліде ер адам әйелін ерте оятамын деп жазаланды

1 637

Фото: Алихан СариевҚызылорда облысы Шиелі аудандық сотында әйелін ұрды деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Шиеліде әйелін ұйқысынан оятып, тыныштығын бұзған ер адам сотқа тартылды. 

"Сотталушы жатын бөлмеде ұйықтап жатқан әйеліне жақындап, оны оятып, ұрыс шығарған. "Ерте тұрмайсың, анама үй шаруасына көмектеспейсің” деп айқай шығарған. Осылайша ол физикалық ауыртпалық туғызғанымен, денсаулыққа жеңіл зиян келтірген жоқ", – деді сот.

Сотта ер адам өз әрекетін толығымен мойындап, әйелімен татуласуына байланысты істі қысқартуды сұрады. Жәбірленуші де осылай мәлімдеді.

"Сотталушының әрекетінде Қылмыстық кодекстің 10-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар бар. Өлімге әкеп соқпаған қылмыстық құқықбұзушылық немесе онша ауыр емес, орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласқан болса, қылмыстық жауаптылықтан босатыла алады", – делінген хабарламада.

Аудандық соттың қаулысымен сотталушы  жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.