Үштөбеде жоғалған жасөспірім Алматыдан табылды
162
Үштөбеде жоғалған жасөспірім Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
7 қарашаға қараған түні Қаратал ауданының полиция бөліміне Үштөбе қаласының тұрғыны із-түзсіз жоғалған 17 жастағы ұлын іздестіруге көмек сұрап жүгінген. Тергеуші Арман Әлімжанов соталды тергеу амалдарын бастап, тергеу жоспары құрылған. Полиция бөлімшелеріне іздестіру бойынша бағыт-бағдар мен нұсқаулар жолданған.Кәмелетке толмаған баланы іздеуге полиция қызметкерлері мектеп мұғалімдері мен еріктілер жұмылдырылған.
"Бірлескен күшпен жасөспірім баруы мүмкін жерлер толықтай тексерілді. Талдықорған қаласында Нұрәліні бейнебақылау камераларының бірі түсіріп алған. Нәтижесінде Талдықорған және Алматы қалаларында іздестіру шараларын ұйымдастыратын бірнеше іздеу топтары құрылды. Кәмелетке толмаған балаға бағыт-бағдар әлеуметтік желілерге жарияланып, көрші облыстардың полиция бөлімшелеріне жолданды. Жасөспірімді іздестіру соңғы бес тәулік бойы тоқтаған жоқ. Алматы қаласына жіберілген Қаратал аудандық полициясының учаскелік инспекторлары Айбар Ошақбай пен Нұржан Дәлібаев әріптестерінің көмегімен кәмелетке толмаған баланы анықтап, Үштөбе қаласына алып келді", - делінген хабарламада.