"Сұрақтарын бір жерлеріне тығып қойсын": Дөрекілік танытқан әкімнің басы дауға қалды

504

Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов әкімдіктің Instagram парақшасында тікелей эфирге шығып, тұрғындардың сұрақтарына дөрекі жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ulysmedia сайтына сілтеме жасап.



Нұрмағамбетов соңғы алты айдағы жұмысы туралы есеп беріп болған соң тікелей эфир аяқталды деп шешсе керек, әрі қарай ол дөрекі сөйлей бастайды.


"Бұл сұрақтарды бір жерлеріне тығып қойсын...". Нақты қай жерге екенін жазбаймыз, бірақ суретін сала аламыз".


Әлеуметтік желідегі жұрт әкімнің бұл сөзіне шүйлігіп, қатты сынның астына алды. Шенеунікке қатысты қызметтік тергеу басталды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.