Қазақстан басқа мемлекеттерден 100 мың тонна қант сұрады

289

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елімізде қанттың 350 мың тонна қоры бар екенін айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 


"Қазір елімізде қанттың 350 мың тонна қоры бар. Басқа елдерден қант сұрап жатырмыз. Әлемде негізгі жеткізушілердің бірі - Бразилия, Үндістан және Вьетнам. Бірақ Үндістан да оның көлемі шектеулі, сондықтан біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - деді ведомство басшысы


Оның айтуынша, министрлік қордағы 350 мың тоннадан бөлек тағы 100 мың тонна қант сұратқан. 


Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі келіссөздер жүргізіп, индикативті теңгерімдерді сәйкестендіріп, өзіндік есептеулер жүргізіп жатыр. Бұл мәселеге кейін қайта ораламыз", – деді  Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысынан кейін журналистерге
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.