Түрме қызметкерлері сотталғандарды азаптаған
Шымкенттегі түзету мекемесіндегі сотталушылардың бірі мекеме қызметкерлерінен қорлық көргенін айтып, шағымданды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласы бойынша өңірлік өкіл Нұржан Әбдезов сотталғандардың бірін жеке қабылдады. Сотталушының айтуынша, қызметкерлер былтыр маусым айында оны азаптаған.
Нәтижесінде медициналық көмекті уақытылы көрсетпегені үшін медицина қызметкерлері жауапкершілікке тартылып, мекеме қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 362-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді.
Құқық қорғау институты мекеме қызметкерлерінің әрекеттерінде азаптау белгілерінің болуына байланысты олардың әрекеттерін қайта қарау жөнінде жоғары қадағалау органына жүгінді.
Бас прокуратура аталған ұстанымды қолдап, былтыр жыл соңында сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 146-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды. Мекеменің үш қызметкері қамауға алынды.







