Әскери қызмет атқару барысында басшыға қарсы шыққандар сотталуы мүмкін

282
Әскери қызмет барысында басшыға қарсылық танытқан немесе денсаулығына зиян келтіргендер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Бұл туралы ашық талқыға шығарылған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында жазылған.

Бастыққа, сол сияқты өзiне жүктелген әскери қызмет мiндетін орындайтын өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны осы мiндеттердi бұзуға күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру арқылы мәжбүрлеу - 200 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 50 тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамаққа алуға жазаланады. Ал осындай әрекеттер арқылы басшының денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірсе, онда кінәлі 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады, - делінген.

Сонымен қатар, жаңа өзгеріске сай, әскери қызметті атқару кезінде бастыққа зорлық-зомбылық көрсеткендерге де дәл осындай жаза қолданылады. Қазіргі заңнамада мұндай нормалар жоқ.

Құжат 23 қаңтарға дейін ашық талқылауда болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.