Баласынан айырылған қазақстандық әйелге аурухана миллиондаған өтемақы төлейтін болды

1 591

Фото: ЖИЖамбыл облысында жүкті әйел ауруханадағылардың салғырттығынан түсік тастап, мүгедек болып қалған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап. 

Сот ауруханадан науқасқа өтемақы төлеуді міндеттеген.

Жүктіліктің 10-айында әйел аудандық ауруханада ерте токсикозбен емделіп жатқан. Ауыр жағдайына қарамастан, оған клиникалық хаттамаларға сәйкес толық медициналық көмек көрсетілмеген. Мерзімінен бұрын ауруханадан шығарып жіберген. Содан соң оның жағдайы тез нашарлап, шұғыл түрде облыстық ауруханаға жатқызылған, онда медициналық себептермен жүктілік тоқтатылған. Кейіннен талапкерге III топтағы мүгедектік тағайындалған.

“Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің тексерісінде медициналық қызметкерлердің көп заңбұзушылықтарын анықтады. Онда клиникалық хаттамаларды сақтамау, тексерулер мен емнің жеткіліксіздігі, мамандармен кеңесінің болмауы және медициналық жазбаларды дұрыс жүргізбеу анықталды. Тексеруден кейін аурухана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал дәрігерлердің бірі тәртіптік жазаға тартылды”, – делінген хабарламада.

Ұсынылған дәлелдемелерді бағалағаннан кейін сот жіберілген қателер талапкердің денсаулығының нашарлауына әкелді деген қорытындыға келген. Сот залалды өтеу туралы талапты қанағаттандырған.

Сот Б-ға 246 000 теңге материалдық залал, 5 миллион теңге моральдық залал және 300 000 теңге заңгерлік өкілдік ақысы бойынша өтемақы төлеу туралы шешім шығарған. Сот шешімі заңды күшіне енген.