Оқушылар емтиханға трактормен барған

1 566

Фото: видеодан кадрБҚО-да оқушылар емтиханға трактормен барған. Ауылдық округ әкімі мен мектеп директоры жазаланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Батыс Қазақстан облысы Бөкей ауданының әкімдігінде оқушылар трактордағы емтиханға қатысатын бейнероликке түсініктеме берілді. Бейнеролик 17 наурызда Мұратсай ауылында түсірілген.


"Оқушылардың ата-аналары ақылы жеке тасымалдаушымен оларды Мұратсай кентінен Сайқын – Өнеге – Орал республикалық жолына дейін жеткізуге келісті. Балалардың трактормен жүретіні туралы жергілікті әкімдік пен полиция бөліміне хабарламады. Қазір оқушылардың бәрі Оралға аман-есен жетті. Мұратсай ауылдық округінің әкімі мен Мұратсай ауылындағы орта мектеп директорының міндетін атқарушыға қатысты сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды", - деп хабарлады әкімдік.


Сондай-ақ учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тергеу басталған.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.