Еліміздегі облыстардың бірінде карантин кезең-кезеңімен жеңілдетілмек

343

Фото: pixabay.comЖамбыл облысында 27 мамырдан бастап карантиндік шектеу шаралары кезең-кезеңімен жеңілдетілмек. 


Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Шиналиев Байділдә Сейділдаұлының 25 мамырдағы "Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" №5 қаулысына сәйкес, Тараз қаласын қоспағанда, облыс аумағындағы әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу "Жасыл" аймақ өлшемшарттары негізінде қабылданбақ. 


Қаулыға сәйкес, ашық ауадағы аттракциондар, супермаркеттер, гипермаркеттер, медициналық ұйымдар, стрит-фудтар, дәріханалар, моншалардың жұмыс істеуіне рұқсат етілген.
 Сонымен қатар, байланыс қызметтері, туристік компаниялар, бизнес орталықтары, кітапханалар, азық-түлік дүкендері, гүл дүкендері, мұражайлар, шағын маркеттер, фотосалондар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл және балық, мал шаруашылығы нысандарының қызметіне толық рұқсат беріліп отыр. 


Конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-
шаралар, ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынуда.


 Одан бөлек, караоке-барлардың, түнгі клубтар мен ойын клубтарының жұмысына шектеу сақталады. 


Қаулыға сәйкес, ұйымдар мен кеңсе қызметкерлеріне COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық ара қатынасы жөніндегі талаптарды ескерместен қызметін жүзеге асыруға болады.


 Соңғы 6 ай ішінде коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.


 Қаулы 2021 жылғы 27 мамырда сағат 00:00-де өз күшіне енеді.