Мектеп оқушысы бұрыш спрейін шашып, 310 адам эвакуацияланды

167
Павлодар облысында оқушы мектепте бұрыш спрейін шашып, 310 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бүгін Ақсу қаласының полициясына Қалқаман кентінің мектебіндегі санитарлық бөлмеде белгісіз біреудің бұрыш спрейін шашқаны туралы шақыру түскен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Мектеп ғимаратынан 310 адам, оның ішінде 291 оқушы эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

Бейнебақылау камераларын тексеру нәтижесінде спрейді осы мектептің 9-сынып оқушысы шашқаны анықталды.

Аталған факт бойынша жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал қолданыстағы заңнама шеңберінде шаралар қабылдау үшін сотқа жіберіледі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.