19 жастағы жігіт өзін тапаншамен атып алған

1 386

Фото: istockphoto.comЖас жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиға Астанадағы «Кейкі мерген» атқыштар клубында болған. 19 жастағы елорда тұрғыны «Tanfoglio Limited Custom» маркалы тапаншамен жаттығуды бастап, кенеттен өзін атып өлтірген. 

Істің мән-жайын Полиция департаментінен сұрап, білген едік. 

«19 жастағы елорда тұрғынының мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр», — делінген ресми хабарламада. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.