19 жастағы жігіт өзін тапаншамен атып алған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жас жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратты елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиға Астанадағы «Кейкі мерген» атқыштар клубында болған. 19 жастағы елорда тұрғыны «Tanfoglio Limited Custom» маркалы тапаншамен жаттығуды бастап, кенеттен өзін атып өлтірген.
Істің мән-жайын Полиция департаментінен сұрап, білген едік.
Қаз
Рус






