Coca-Cola-ны алмастырушы: Ресейде әйгілі сусынның баламасы өндіріле бастады

368

Ресейде әлемге белгілі Coca-Cola-ға ұқсайтын қатты газдалған сусынның өндірісі басталды. Кәсіпорын Қиыр Шығыста орналасқан, ал сатылымға осы аптада шығады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 


"Славда" компаниялар тобы жаңа өнім – Cola Grink сусыны өндірісінің басталғаны туралы мәлімдейді. Grink сусындар сериясының жаңа дәмі дүкен сөрелерінде осы аптадан бастап пайда болады", - делінген өнеркәсіп хабарламасында

Сондай-ақ сусын табиғи минералды су негізінде жасалған, ал дәмі классикалық колаға ұқсас. Газдалған сусын "Скит" зауытында 0,5 және 1,4 литр бөтелкелерге құйылады. 

"Наурыз айының басында сауда желілері Қиыр Шығыста шығатын сусындарға қызығушылық білдіре бастады. Олар бізден классикалық сусынды дайындауымызды сұрады. Сұранысқа жауап ретінде технологтарымыз жедел түрде классикалық колаға ұқсас жаңа өнімді әзірледі", - деді "Славда групп" компаниялар тобының директоры Роман Антипьев.