Батыс Қазақстанда тағы бір ұшқышсыз аппарат табылды: Полиция пікір білдірді

1 924

Фото: uralskweek.kz18 наурыз күні Батыс Қазақстан облысындағы Тасқала ауданында ұшқышсыз аппарат құлады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Хабарлама Атамекен ауылының тұрғындарынан келіп түскен.  Бұл туралы “Орал апталығы” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Аппарат құлаған жерге Оралдан  әскери-инженерлік қызметкерлер жіберілді. 

“Нысанның ұзындығы 300 сантиметр. Оқиға орнына Тасқала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жетті. Сондай-ақ аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметкерлері аудан орталығы Тасқала кентіне аттанды”, – делінген хабарламада.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті 18 наурыз күні Тасқала ауданында табылған дронға қатысы пікір білдірді. 

Тасқала ауданынан ұшқышсыз аппаратқа ұқсас нысан табылған соң облыстық полиция уәкілетті қызметтермен бірлесіп тексеру шараларына кірісті. 


“Нысан елді мекендерден алыс, шалғай аумақта құлап, бүтін күйде табылды. Аппаратта көзге көрінетін зақымдар жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп мәлімдеді полиция.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.