Биыл елімізде 148 ауыл таза ауыз суға қол жеткізеді

369
Биыл елімізде 148 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау желісімен қамтылады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Елімізде жалпы 6 316 ауыл бар. Оның ішінде 3 991 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау желісімен қамтамасыз етілсе, 403 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған. Қамтылмаған 1 922 ауылдың 793-іне орталықтандырылған сумен жабдықтау желісін салуды жалғастыру жоспарланып отыр. Ал 1 129 ауылда су тазалау дербес желісі орнатылатын болады. Биыл 148 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау желісімен қамтамасыз етіледі және тұрғындары аз 220 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылады»,- деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Вице- министрдің айтуынша, 2021-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 181 млрд теңге қолдау тапқан. Бұл қаражат 284 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау желісімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Бұған қоса, 20,6 мың тұрғыны бар 56 ауылда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі желісі арқылы ауылішілік сумен жабдықтау желісін салу жалғасады. Қаражатты тиімді жұмсау мақсатында 200-ден аз адамтұратын 1 129 ауылда су тазалау желісі орнатылатын болады», - деді Қайырбек Өскенбаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.