Қатық ішінен телефон шықты

500
Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 68 мемлекеттік  мекемесінің бақылаушылары тыйым салынған заттың ішкі аймаққа өтіп кетпеуінің алдын алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Сәлем - сауқатты қабылдау бөлмесінің қызметкерлері күйеуіне сотталған (262-266  бап)  Б-ға келген азаматша К-ның азық-түлік тапсыруын тексеру барысында айран құтысының ішінен 1 дана телефон және екі дана Beeline сим картасы тәркіленді. 

Анықталған факт бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБ- 481- бабының 1- бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.

- Біздің қызметкерлер тағы да кәсіби шеберліктерін көрсетті. Бұл біріншірет  емес. 

Бүгінге дейін мемлекетіміздің игілігі үшін адал қызмет етіп келе жатқан қызметкерлеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамын. Қырағылық пен сақтық бақылаушыларымыздың басты қасиеті – дейді, мекеме басшысының міндетін атқарушы, әділет капитаны  Темірбек Азамат.