"Бұл менің пәтерім": Ақтөбеде немересі атасының үйін өз атына аударып, оны қуып шыққан

136

Фото: скриншот из видеоАқтөбеде 84 жастағы қарияның 40 жыл тұрған пәтерін немересі тартып алып, оны далаға қуып шыққан. Ақсақалдың жұбайы өзара келісіммен тірі кезінде үйді немересінің атына жазуды шешкен. Алайда салдарынан қария далада қалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 


Қазір Василий Цяпкало жаздық саяжайдағы үйде күн суытса қайтерін білмей күн кешуде. Баспананы оған қартайған шағында далада қалғанын көрген жанашыр таныстары берген. Ал немересі өзінің атына жазылған үйіне кіріп алған. Василий Федоровичтің айтуынша, немересі атасымен бірге тұрмақ түгел көргісі де келмейді екен.


“Барлық құжаттар жұбайым Галинада болды. Ол бәрін өзі реттестіріп жүретін. Немереміздің атына аударайық деген соң қарсы болмадым. Галина қайтыс болған соң, жалғыз қалмаймын деп ойладым. Бастапқыда жинап қойған ақшам таусылғанша онымен бірге жақсы тұрдық. Алайда кейін жағдайым осындай деңгейге жетті”,- деді қария. 


Зейнеткер бұған дейін үнемі коммуналдық қызмет ақысын төлеп, немересіне де ақша беріп тұрған. Ол кезде немересі ештеңе демей бірге тұрыпты. Кейін қария көбейген шығындарды қысқартуды ұйғарған кезінде немересі оны тіпті күшпен қуып шығуға тырысқан. Ақсақал жылы киімдерін алуға келсе, тіпті есіктің құлпын ауыстырып, кіргізбей қойған.


“Бұл менің пәтерім. Ол мұнда тұрмайды. Бұрын бұл жерде тұрса да қазір пәтер менің заңды үйім”,- деді немересі.


Заңгерлер бұндай мәселесде Василий Федоровичтің жалғыз адам емес екенін айтады. Қарттардың қайырымдылығын пайдаланып, оларды қаңғытып жіберетін туыстар көбейген. Ал қайырымдылық келісімін бұзу өте қиын екен. Сарапшылар қарияларға соңына дейін тырысуға кеңес берді.


“Қазіргі уақытта біздің үлкендеріміз дәл осындай туыстық қарым-қатынастардан зардап шегуде. Өйткені олар көбіне жақындарына сенім білдіріп, неге қол қойғандарын өздері де түсінбей жатады. Сондықтан, бұл жерде әрине, бұл мәмілені жасаған кезде нотариустың та қатысады. Бұл жерде көптеген құқықтық аспектілер бар. Қариялардың жеңген процестері де болған”,- деді Ақтөбе нотариаттық округінің нотариусы Светлана Балпейісова.


Нотариалдық кеңсе зейнеткерге тегін заңгерлік көмек көрсетуге уәде берді. Бірақ алдымен барлық құжаттарды мұқият зерделеу керек. Бұл жағдайда бір маңызды деталь бар – әйел зейнеткердің өз немересі емес, қарияның марқұм әйелінің туысы. Адвокаттар бұл қылмыстық іс қозғауға негіз бола алады деп есептейді. Өйткені мұнда алаяқтық белгілері қазірдің өзінде байқалады.