Асхат Аймағамбетов еліміздегі жоғары жалақы туралы айтты

300
ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда орташа жалақы 312 мың теңге, ал мектептердегі мұғалімдердің орташа жалақысы 343 мың теңге екенін айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдағы білім форумы барысында Білім министрлігінің басшысы Қазақстанда жалақыға қатысты бәрі жақсы екенін, әсіресе, еліміздегі мектептердегі мұғалімдер көп алатынын айтты.

"Біз жалақы бойынша 2019 жылғы статистика мен 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы статистиканы салыстырдық. 2019 жылы еліміздегі орташа жалақымыз 168 мың теңге болса, орта білім бойынша орташа жалақы 115 мың теңгені құрады. Яғни, көріп отырсыздар, елдегі орташа жалақыдан әлдеқайда төмен. 2022 жылдың екінші тоқсанында еліміздегі орташа жалақы 312 мың теңге болса, орта білім деңгейі бойынша орташа жалақы 343 мың теңгені құрады. Яғни, орташа жалақыдан сәл жоғары. Бұл – президенттің алға қойған тапсырмасы",- дейді Асхат Аймағамбетов

Министр орта мектеп мұғалімдеріне жақсы қаржы жағдайын жасауға уәде беріп отыр.

"2023 жылдың қаңтарында бізде қосымша 25% жалақы өседі. Тұтастай алғанда, оқытушының мәртебесін көтеру және оларды әдеттен тыс қызметтерге тартпау, жауапкершілікті азайту, жалақыны көтеру, университеттердің академиялық еркіндігі және педагогикалық мамандықтар бойынша бітірушілерді аттестаттау жүйесі үйлесе отырып, бізге қалаған нәтижені алуға мүмкіндік береді. Мен болашаққа оптимистік көзқараспен қараймын",- дейді Асхат Аймағамбетов.

Анықтама үшін, Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған Бірінші несие бюросының мәліметінше, Қазақстанда 2022 жылдың бірінші тоқсанында орташа жалақы 263 905 теңге болған. Бұл 2021 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 21,8% артық. Инфляцияны ескере отырып есептегенде бір жылда жалақының нақты өсімі 10,9% болды.